Павлодарда кәсіпкерліктің дамуына кедергі бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда кәсіпкерліктің дамуына кедергі бар

28.05.2024

Павлодарда шағын және орта бизнестің дамуына мемлекеттік мемекемелер тарапынан кедергі келтіру дерегі жиілеп кетті. Былтыр кәсіпкерлердің құқығын қорғау өңірлік палатасына түскен 25 арыз сотта қаралып, соның 23-і бизнес иелерінің пайдасына шешілген. Биыл 9 іс қаралып, жетеуінде жеңіп шықты. Ал, жақында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Геодезия және картография комитетіне қарасты мекеме, Керекудегі зерттеу орталығының атқарған жұмысын қабылдаудан бас тартып, ақшасын төлемей қойған. Компания комитет өкілін сотқа берді. Сот мемлекеттік мекеменің әрекетін теріс деп танып, кәсіпкерге 33 млн 600 мың теңге төлеуді міндеттеді.

Рустам Баяндин, Павлодардағы «Әділет» заңгерлік кеңес палатасының мүшесі: 
Бір өкініштісі, мемлекеттік органдардың бизнеске, кәсіпкерлікке қатысты әрекеттері әрдайым әділ емес, тең бағаламайды. Тіпті, олар Президенттің кәсіпкерлікті қорғау керек деген тапсырмасын орындамайды немесе қарсы әрекет етеді. Біз заңгерлер бизнеске жасалған қиянатқа қарсымыз. Себебі экономикалық дамудың негізгі өзегі-шағын және орта бизнесте. 

Болат Аманбаев

Хабарламаларға жазылу