Атырау облысынан басқа еліміздің барлық өңіріңде су тасқыны аяқталды. Жайық өзенінің Атырау қаласы жақ бөлігіндегі деңгейі - 600 см, ал Махамбет ауылында – 10 метрден асып кетті. «ҚазСушар» филиалының жергілікті мамандары тасқын суын қауіпсіз өткізу жұмыстарын жалғастырып жатыр. Батыс Қазақстан облысының төрт ірі су қоймасы 90%-ға толды. Бәрі штаттық кестеге сай жұмыс істейді. Ақтөбе облысындағы екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 95%-ға жетті. Солтүстіктегі су қоймалары да 100 пайызға толды. Қостанайдағы екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 91%. Жиналған мол ризық ауылшаруашылығы мен өнеркәсіп саласының өркендеуіне жұмсалады.
Нұрсұлтан Нұрсейіт
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қоймаларға жиналған су ауыл шаруашылығы саласына жұмсалады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/194417/)