Бразилияда тасқын салдарынан 2 мың мектепте сабақ тоқтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бразилияда тасқын салдарынан 2 мың мектепте сабақ тоқтады

29.05.2024

Бразилияда алапат тасқын салдарынан 2 мыңнан астам мемлекеттік мектеп жабылған. Сондықтан бір айдан бері 185 мың бала сабаққа бармады. Жергілікті биліктің мәлімдеуінше, мектептердің кейбірі су астында қалса, кейбірі эвакуациялық орталыққа айналды. Айта кетсек, сәуір айының соңында басталған жаңбырдан Бразилияның оңтүстігіндегі Рио-Гранди-ду-Сул штатындағы өзен-көлдердің суы көтерілді. Соның салдарынан басталған су апатынан 169 адам қаза тауып, 580 мыңнан астамы үйлерін тастап кеткен.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу