Ақмола облысында жұмбақ жағдайда қаза болған студент өліміне 11 адам кінәлі деп танылды. Оларға бопсалау, бұзақылық жасау, жәбірленушіні өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізу дерегі бойынша айып тағылды. Сот шешімімен Бурабай ауданының 10 тұрғыны 4 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Ал кәмелет жасқа толмаған жасөспірім қылмыстық жауапкершіліктен босатылды. Сондай-ақ, сотталушылар жәбірленуші отбасыға 4 миллион теңгеден астам қаржы көлемінде моральдық және материалдық шығынды өтеді. Еске салайық, өткен жылы күзде 19 жасар Роман Бодаговтың денесі «Бурабай-Жамантұз» курорты аралығындағы теміржол рельсінен табылған. Кейін аталған іс бойынша екі қылмыстық іс қозғалды. Мемлекет басшысының тапсырмасымен жедел-тергеу тобы құрылған еді.
Ұмсындық Наурызбаева
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ақмола облысында қайтыс болған студент өліміне 11 адам кінәлі деп танылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/194434/)