Шығыс Қазақстанда ауылды дамытудың жолдары талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстанда ауылды дамытудың жолдары талқыланды

29.05.2024

Шығыс Қазақстан облысы алдағы жылыту маусымына дайындықты бастап кетті. Қазандықтар мен жылу, су құбырларын жөндеуге 20 миллиард 800 миллион теңге бөлінеді. Бұл қаржыға ірі 3 және 201 шағын қазандық пен 57 шақырымға жуық жылу құбыры жөнделеді. Әсіресе, алыс ауылдардағы әлеуметтік нысандардың қысқа дайындығы ерекше бақылауда болады. Сондай-ақ әр ауылды дамыту бойынша нақты жобалар жасалады. Бұл туралы облыс әкімі аймақтағы барлық деңгейдегі әкімдерді жинап кеңес өткізді. Ауыл әкімдері өздері басқаратын округтегі талай жылдан бері шешілмей келе жатқан кейбір мәселелер бойынша ұсыныстарын жеткізді. Әсіресе шекаралық ауылдардағы инфроқұрылымды дамытуға басымдық беріледі.

Әлижан Бектенбаев, Төсқайың ауылдық округінің әкімі:

Төсқайыңда 5 ауылдық округ бар. Оның екеуінде ғана ұялы байланыс бар. Енді қазір спутниктік байланыс пен шыныталшықты интернет қоямыз.

Олжас Керейхан


Хабарламаларға жазылу