Астанада ерлігі ерен ұландар марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада ерлігі ерен ұландар марапатталды

29.05.2024

Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында елордаға еліміздің барлық өңірінен айрықша жетістіктерімен көзге түскен балалар жиналды. Олардың ішінде жанқиярлық ерлік жасап, адамды өлімнен құтқарған жеткіншектер де бар. Әрқайсысы жоғары бағаланып, Оқу-ағарту министрлігінің алғыс хатымен марапатталды. Сондай-ақ, кездесуде балалармен ашық диалог форматында отбасы мен мектептегі жетістіктері, қызығушылықтары мен армандары туралы сөз болды.

Сақтаған Нұрислам, оқушы:

Стартаптар мен ғылыми жұмыстардың жеңімпазымын. ҚР халықаралық аренадағы өзге көшбасшы елдермен терезесі тең дәрежеде араласуына өз үлесін қосып жүрген елші, дипломат ретінде елестетемін.

Еділ Оспан, ҚР Оқу-ағарту вице-министрі:

Осы балаларды жалпы құрмет көрсету және үлгі ету басқа балаларға. Жазғы демалыстарға арналған арнайы челленджімізді осы жерде бастап отырмыз. «Жазда кітап оқиық!» деген челлендж.

Ақмаржан Ғафизқызы


Хабарламаларға жазылу