О. Бектенов: ЖІӨ-нің елеулі өсіміне қол жеткізу бойынша ауқымды міндеттер тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

О. Бектенов: ЖІӨ-нің елеулі өсіміне қол жеткізу бойынша ауқымды міндеттер тұр

29.05.2024

Үкімет басшысының төрағалығымен «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі Директорлар кеңесінің отырысы өтті. Жиында осы күнге дейін атқарылған жұмыстың қорытындысы талқыланып, холдингтің алдағы жоспары қаралды. Айта кетейік, бір жылдан аса уақыт ішінде «Бәйтерек» холдингі 1,6 трлн теңгеге өңдеу өнеркәсібіндегі 4 жарым мыңнан аса жобаны қаржыландырды. Премьер-Министр Олжас Бектенов алдағы уақытта экономикаға қаражат құю бойынша әлі де жедел шешім қабылдауы керек, деді. Сондай-ақ жалпы ішкі өнімнің елеулі өсіміне қол жеткізу үшін ауқымды міндеттер тұрғанын айтты.   

Хабарламаларға жазылу