Астаналық оқушы суға батып бара жатқан бес жасар баланы құтқарып қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астаналық оқушы суға батып бара жатқан бес жасар баланы құтқарып қалды

29.05.2024

Оқыс жағдай кезінде ерлік көрсетіп, өмірге араша түсетіндер аз емес. Мәселен, биыл мектеп бітіріп жатқан ақмолалық Марлен Көшербай, өзенге батып бара жатқан 5 жастағы баланы құтқарып қалды. Бұл оқиға Астананың іргесіндегі Жібек жолы ауылында болған. 52-ші мектеп гимназиясы түлегінің айтуынша, ұйықтап жатқан жерінен қарындасы көмекке шақырған. Бірден өзенге ұмтылған Марлен, баланы судан аман-есен алып шықты.

Марлен Көшербай, 11-сынып оқушысы:
Үйге қарындасым жүгіріп келіп, сағат 11-де аға бір бала суға батып жатыр деді. Жолда апам мен анам сол жаққа бара жатыр екен. Олардан озып кеттім. Сөйтіп шешініп анам мен апам келем дегенше суға түсіп, баланы алып шықтым. Сөйтіп оның су киімдерін шешіп, үстіне көрпеше жауып, үйге алып келіп жылытқан болатынбыз. Сөйтіп видеоға түсіріп, ауыл тұрғындарына кімнің баласы деп жібергенбіз.

Аида Ахметбек 

Хабарламаларға жазылу