Қазақстандықтар жұбайының келісімінсіз несие ала алмауы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандықтар жұбайының келісімінсіз несие ала алмауы мүмкін

29.05.2024

Енді қазақстандықтар жұбайының келісімінсіз несие ала алмауы мүмкін. Бүгін Мәжіліс құжатқа Сенат депуттары енгізген түзетулерді мақұлдап, заң жобасын Президенттің қол қоюына жіберді. Оған сай, несие көлемі үш жарым миллион теңгеден асса, оны рәсімдеу үшін әйелінің не күйеуінің келісімі керек деген норма бар. Сондай-ақ несие төлемін 90 күн кешіктірген азаматтарға берешек беруге тыйым салу да қарастырылған. Бұл шамадан тыс несие алуды шектеп, жұрттың банк алдындағы берешегін азайтуға бағытталған.

Дулат Мыңбаев, қаржыгер:
Дәл қазір 2 млн-ға жуық отандасымыздың банктерде 90 күн өтелмеген несиелері бар. Ол деген өтеуге шамасы жетпей жатыр деген сөз. Банкроттыққа тапсырып жатқандар көп. Мұның бәрі дамуымызды тежеп тұрған әсерлердің бірі. Сондықтан қаржылай сауатты болуымыз керек. Алатын несиені ақылдасып барып алуымыз керек. 

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу