Үндістан мен Бангладешке «Ремаль» циклоны соққы берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үндістан мен Бангладешке «Ремаль» циклоны соққы берді

30.05.2024

Үндістан мен Бангладешке «Ремаль» циклоны соққы берді. Аталған екі елде табиғи апаттан 16 адам қаза тапқан. Миллиондаған адам электр жарығынсыз қалды. Үндістанның солтүстік-шығысында бірнеше ауылды су басты. Екпінді жел ағаштарды құлатты. Ұшақ рейстері кейінге қалдырылған. Пойыз қатынасында да ауытқулар болып жатыр. 110 мыңдай адам қауіпсіз жерге көшірілді. Елдің бір бөлігінде тасқын жүрсе, өзге аудандарында күн қатты ысып тұр. Ауа температурасы 52 градустан жоғары көтерілген. Аптап ыстықтан мұнда 6 адам қаза тапты.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу