Жетісу облысында 102 мың оқушыны жазғы демалыспен қамту жоспарланып отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жетісу облысында 102 мың оқушыны жазғы демалыспен қамту жоспарланып отыр

30.05.2024

Жетісу облысында 102 мың оқушыны жазғы демалыспен қамту жоспарланып отыр. Бұл өңірдегі барлық оқушының 85 пайызы. Облыс аумағында қала сыртында 12 демалыс лагері жұмысын бастайды. Оның екеуі айдынды Алакөл жағасында. Бұдан бөлек әр елді-мекенде мектеп жанындағы лагерьлер ашылып, балаларға түрлі ойын-сауық бағдарламалар, музейлерге серуендер мен Жетісудың әсем табиғатына жорықтар ұйымдастырылады.

Айналайын балаларды қолдау орталығының демалыс лагеріне күрделі жөндеу жүргізуге 850 млн теңгеден астам қаражат бөлініп, ондағы тәрбиеленушілер жазғы демалыстарын басқа сауықтыру орындарында өткізеді. Жылдағыдай демалыс орындарының тазалығы мен қауіпсіздігіне баса назар аударылатын болады.

Гүлмира Ахметова, Жетісу облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары:

Сонымен қатар 850 млн-нан астам теңге бұл балалардың жалпыға бірдей оқумен қамту қоры бар бізде. Содан балалардың демалысына әлеуметтік категориядағы балаларға қаражат бөлініп отыр. Бір балаға 65 мың теңге көлемінде қаражат бөлінген.

Қуаныш Қанатұлы

Хабарламаларға жазылу