Газа секторында жұқпалы ауруға шалдыққан тұрғындардың саны 700 мыңға жетті. Олардың арасында балалар да бар. Мұны палестиналық доктор Хасан әш-Шайер «Рейтер» агенттігіне берген сұхбатында мәлімдеді.
Айта кетсек, Хамас-Израиль соғысы былтыр қазанның 7-де басталды. Содан бері Газада 1,7 миллион адам үйлерін тастап кеткен. Олар тұрып жатқан уақытша лагерлерде қоқыс үйіліп, санитарлық жағдай нашарлаған. Бұған қоса, анклавта ауыз су мен дәрі-дәрмек тапшы. Ал ауруханалардың көбір Израиль әскерінің бомбалау операциялары мен зымырандық соққыларынан қираған.
Арыстан Рысбек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Газада жүздеген мың адам жұқпалы ауруға шалдықты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/194515/)