Тасқыннан қырылған малдың 98 пайызына өтемақы төленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тасқыннан қырылған малдың 98 пайызына өтемақы төленді

30.05.2024

Елімізде тасқыннан қырылған малдың 98 пайызына өтемақы төленді. Бұл туралы бүгін Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин Сенат қабырғасында мәлімдеді. Оның айтуынша тасқыннан жалпы ел бойынша 12500-ден астам мал қырылған. Олардың иелеріне өтемақы төлеу жұмыстары аяқталып қалды. Тек 237 мал басы бойынша төлем әлі төленбеген. Бұл шаруа министрліктің қатаң бақылауында деді вице-министр. Ал 12 мың 500-ден астам малдың қырылуы ет пен төрт түліктің құнына әсер ете ме? Аманғали Бердалин бұл сұраққа былай жауап берді.

Аманғали Бердалин, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары:
9 миллионға жуық ірі қарамыз бар. 27 миллионға жуық қойымыз бар. 4 миллионға жуық жылқымыз бар. Басқасын есептемеген уақытта жаңағы 12 мың бас бір проценті де болмайды. Сондықтан ешқандай әсері жоқ. 

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу