Мальдив аралдарында масадан инфекция тарады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мальдив аралдарында масадан инфекция тарады

30.05.2024

Еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі Мальдив аралдарына баратын қазақстандықтарға үндеу жасады. Өйткені демалыс аймағында чикунгунья вирусы өршіп тұр. Мамандар саяхат жасау кезінде сақтық шараларын ұстауға шақырады. Өйткені чикунгунья вирусын маса жәндігі таратады. Маса шаққан жерді қасымауға кеңес береді. Ауру белгілері дене қызыуы көтеріліп, бас ауруы, бөртпе болуы мүмкін. Жұқпалы вирус қазір Африка, Америка, Азия, Еуропа, Кариб теңізі, сондай-ақ Үнді және Тынық мұхиттарында да таралып үлгерген.

Аида Ахметбек 

Хабарламаларға жазылу