Батыс Қазақстан жұртын шыбын-шіркей әлекке салуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батыс Қазақстан жұртын шыбын-шіркей әлекке салуда

30.05.2024

Бүгінде тұрғындар көшеге шығудан қалған. Әсіресе мұндай жағдай Орал қаласы мен Жайықтың жағасында орналасқан елдімекендерде белең алып отыр.

Мынау Теректі ауданы Ақжайық ауылындағы көрініс. Қаптаған қара шіркейден мал мен құс жапа шегуде. Бұрын-соңды болмаған мұндай құбылысты мамандар, тасқынмен байланыстырады. Әсіресе өзен-көлдердің маңы құжынап тұр. 1 ай жарым бұрын басталған улау жұмыстары нәтиже берер емес. Биыл дезинфекциялық іс-шараларға 105 млн теңге бөлінді. Бірақ жұмыс ауқымының екі есеге артуы, тағы да қосымша қаржыны қажет етіп отыр.

Қанат Өмірәлиев, БҚО Энергетика және ТҮКШ басқармасы басшысының орынбасары:
Түбегейлі жойып жіберу мүмкін емес. Профилактикалық, былай айтқанда санын азайту. Ақша барлығы жеткілікті, жұмыстар жасалып жатыр. Бірақ бұлардың барлығы да масаларға арналған. 


Хабарламаларға жазылу