Несие пайызы төмендейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Несие пайызы төмендейді

30.05.2024

Тұтынушылық кредиттің пайыздық мөлшерлемесі азаяды. Сенат тиісті құжатты мақұлдап, Президенттің қол қоюына жіберді.  Заң жобасы қабылданса, екінші деңгейлі банктер жылдық пайыздық мөлшерлемені 42 пайыздан асырмайды. Шекті меже бұған дейін 56 пайыз болған. Ал микро қаржы ұйымдары үшін несие пайызы 56-дан 50 пайызға дейін қысқарады.  Пайыздық мөлшерлемені дәл осылай төмендетуді мәжіліс депутаттары ұсынған болатын. Оны Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі де қолдады. Олар бұл қазақтандықтардың шамадан тыс қарыздану деңгейін төмендетеді деп болжайды.

Айя Мүтәлі

Хабарламаларға жазылу