Бүгін - саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін - саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні

31.05.2024

Бүгін - саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алатын күн. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осы атаулы күнге орай, өзінің Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында арнайы жазба жариялады. «Мемлекетіміз қуғын-сүргіннен жазықсыз жапа шеккен жандарды ақтау, төл тарихымыздың ақтаңдақ беттерін объективті әрі тыңғылықты зерделеу жұмыстарына баса мән беріп отыр. Біз өткен замандағы қасіретті оқиғалардан тағылым алып, оны ұлт жадында сақтай білуіміз керек. Сонда ғана кез келген сынақтан сүрінбей өтіп, әділетті мемлекет және өркениетті қоғам құру жолындағы биік белестерді бағындыра аламыз», - деп жазды Президент.

Жандос Темірғали


Хабарламаларға жазылу