Үндістанда автобус жардан құлап, 15 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үндістанда автобус жардан құлап, 15 адам қаза тапты

31.05.2024

Үндістанда автобус жарға құлап кетті. Соңғы мәліметке қарағанда, 15 адам қаза тапқан. Тағы ондағаны жараланды. Оқиға елдің солтүстігіндегі Джамму округінде болды. Қоғамдық көлік 60 адаммен жолға шыққан. Тірі қалғандарды құтқаруға төтенше жағдайлар қызметінің мамандары жіберілді. Тергеушілердің айтуынша, жүргізуші автобустан секіріп кетіп тірі қалған.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу