Қызылордада оқ тиіп жараланған бір адам ауруханаға түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада оқ тиіп жараланған бір адам ауруханаға түсті

31.05.2024

Қызылордада төбелестің соңы атысқа ұласып, оқ тиіп жараланған бір адам ауруханаға түсті. Оқиға кеше кешкісін қаланың шет аумағында болған.

Айдың күні аманында қару қолданып, тұрғындарды үрейге салған текетіреске қатысты қылмыстық іс қозғалды. Полиция барлық қатысушылардың жеке басын анықтап, күдіктіні ұстау бойынша қазір жедел іздестіру шараларын жүргізуде. Ал жанжал кезінде оққа ұшқан азаматтың жағдайы ауыр, жансақтау бөлімінде жатыр.

Әділбек Серікұлы

Хабарламаларға жазылу