Астанада машинист биіктен құлап мерт болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада машинист биіктен құлап мерт болды

31.05.2024

Астанада мұнаралы кранның машинисі, биіктен құлап қайтыс болды. Ақпаратты қалалық Полиция департаментінің баспасөз хатшысы растады. Оқиға куәгерлері жұмысшы краннан төменге түсіп келе жатып, абайсызда құлап түскенін айтқан. Ауыр жарақат алған ол бірден жан тапсырды, дейді. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің «Абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, қажетті сараптамалар тағайындалды.

Асылбек Данияр


Хабарламаларға жазылу