Түркістан облысында коммуналдық қызмет заңсыз көтерілгені анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында коммуналдық қызмет заңсыз көтерілгені анықталды

31.05.2024

Түркістан облысында коммуналдық қызметтерге баға заңсыз көтерілген. Мысалы Сарыағаш ауданындағы кәсіпорын сарқынды суларды қабылдау қызметі үшін 38 млн теңгеден астам қаржыны негізсіз, артық төлеткен. Осылайша 51 кәсіпкерге едәуір шығын келтірген. Сондай-ақ 14 елдімекендегі 24 мыңнан аса тұтынушы коммуналдық төлемдерді артық төлеп келгені белглі болды. Осы заңсыздықтар бойынша кәсіпорын басшылығына 4 млн 700 мың теңге айыппұл салынды. Лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылды.

Айнұр Әбілқасымқызы


Хабарламаларға жазылу