Алматыда өтіп жатқан ҰҚШҰ отырысында алты құжатқа қол қойылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда өтіп жатқан ҰҚШҰ отырысында алты құжатқа қол қойылды

31.05.2024

Алматыда Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымына мүше елдердің Қорғаныс министрлері 28-ші гвардиялық-панфиловшылар саябағындағы мемориалға гүл қойды. Ал отырыста ұйымға мүше мемлекеттерді өзара жауынгерлік даярлық, заманауи қару-жарақ, әскери техникамен жабдықтау төңірегіндегі 6 құжат бекіді. Тараптар әскери қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты дамытудың басым бағыттары туралы пікір алмасты. Кездесу соңында Қорғаныс министрі отырысқа қатысушыларға нәтижелі жұмыс үшін ризашылығын білдірді.

Руслан Жақсылықов, ҚР Қорғаныс министрі:

Бүгінгі отырыс барысында біз Ұжымдық қауіпсіздік аймақтарындағы сын-тегеуріндер мен қауіп-қатерлерге жан-жақты талдау жүргіздік. Ұйымға мүше мемлекеттер қорғаныс ведомстволарының өзара іс-әрекетін одан әрі тереңдетуге және оның әскери құрамдас бөлігін дамытуға бағытталған құжаттар қаралып, қол қойылды.

Айдана Қуантхан


Хабарламаларға жазылу