Қызылорда жұртшылығы саяси-қуғын сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда жұртшылығы саяси-қуғын сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алды

31.05.2024

Қызылорда жұртшылығы саяси-қуғын сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алды. Көпшілік қаладағы ескерткішке гүл қойып, жазықсыз жапа шеккен жандардың рухына тағзым етті. Халық ашаршылықтан қынадай қырылып, ең зұлмат замандардың бірі ретінде ел тарихында қалды. Деректерге сүйенсек, бір ғана Сыр өңірінде 4 мың отбасы қуғынға ұшырап, 1 мың 153 зиялы қауым өкілі ату жазасына кесілген.

Бақыт Бәйменов, қала тұрғыны:

Тәуелсіздік алып, мемлекет болғанға дейін қаншама азаматтар, қаншама тұлғалар құрбан болды. Бір деректерде 2 миллион, кейбір деректерде 6 млн-ға дейін ашаршылықтың құрбаны болды дейді. Және саяси қуғын-сүргінге қаншама адамдар ұшырады.

Әділбек Серікұлы


Хабарламаларға жазылу