Түркістан облысында еліміздегі ең ірі жылыжай салынып жатыр. Аумағы 500 гектардан асатын кешенде жылына 240 мың тонна көкөніс өсірілмек. Премьер-министр Олжас Бектенов құрылысты жүргізіп жатқан «Эко-культура» холдингінің президенті Александр Рудаковпен агро саладағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Қазір Келес ауданында 51 гектар жерде жобаның алғашқы кезеңі жүзеге асып жатыр. Ол келер жылы іске қосылады. 7 мың адам жұмыспен қамтылады.
Шерхан Жамбылұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Түркістан облысында ең ірі жылыжай салынып жатыр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/194587/)