Ақтөбе облысында «Ауыл аманаты» бойынша несие алған тұрғындарға жеңілдік мерзімі белгіленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе облысында «Ауыл аманаты» бойынша несие алған тұрғындарға жеңілдік мерзімі белгіленді

31.05.2024

Ақтөбе облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша несие алған отыздан астам тұрғын су тасқынынан зардап шеккен. Олардың көбінің малдары мен құстары шығын болған.  Мұндай тұрғындарға қарызын өтеу үшін жеңілдік кезеңі белгіленді. Алты адамға несиені үш айға кейнге шегеруге ұсыныс берілген. Табиғи апаттардан сақтандырылған мүліктің шығынын өтеу жұмысы да жүріп жатыр. Әзірге бұл мүмкіндікті бір кәсіпкер пайдаланды. Тасқыннан зардап шеккен кәсіп иелерінің қатарында бағбандықпен айналысып отырғандар да бар.

Ләззат Құрманова, «Ақтөбе әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ бөлімінің маманы:
«Ауыл аманаты»  жобасына Қобда, Ойыл және Ырғыз аудандарынан келген қатысушыларға несиені кейінге қалдыру ұсынылды. Жылдық 2,5 пайызбен жеңілдетілген несие алған екі мыңға жуық ауыл тұрғынының 33-і Ақтөбе Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясына өтініш берген. 

Жақсыбек Кемал

Хабарламаларға жазылу