Киік саны артты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Киік саны артты

31.05.2024

Биылғы есеп бойынша киік саны 48 пайызға өсіп, 2,8 миллионға жеткен. Негізгі көрсеткіш үш популяцияда байқалған. Олар: Орал, Бетпақдала және Үстірт. Батыс Қазақстан облысындағы киік саны - 1 млн 620 мың, Бетпақдалада - 1 млн 150 мың, ал Үстірттегі киік саны - 63 мыңға жеткен. «Охотзоопром» өңірлік бөлімі мен «Табиғат» қоғамдық бірлестігі авиациялық есепке алуды биыл 14-сәуір мен 1-мамыр аралығында жүргізген.


Хабарламаларға жазылу