«AIALA» республикалық-экологиялық байқауының жеңімпаздары анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«AIALA» республикалық-экологиялық байқауының жеңімпаздары анықталды

01.06.2024

Балаларды қорғау күні қарсаңында «AIALA» республикалық-экологиялық байқауының жеңімпаздары анықталды. Мақсат - балалар мен жастардың шығармашылық бастамаларын қолдау. Оған барлық өңірден 250-ден астам бала өтінім берген.

Солардың арасынан іріктелген 36 қатысушы финалға өтті. Демеушілер әр жеңімпазға бір миллион теңгеден табыстады. Мәдениет және ақпарат министрлігі мен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» ұйымдастырған байқау келер жылы да жалғасады.

Айболат Нұрыллаев, Байқау жеңімпазы :

Үйде балық жеп отырып бір мүсіннің бүркітке ұқсайтынын байқап содан балықтың басқа да бөлшектерін алып, сондай құрасам деген ойға келдім. Термо контейнер ішіне артық ауа кірмейді. Соны кафе-мейрамханаларға қоямыз, содан желіген балықтың қалдықтарын соған салады.


Хабарламаларға жазылу