Астанада бүлдіршіндер фестивалі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада бүлдіршіндер фестивалі өтті

01.06.2024

Елордада «Аңсаған сәби» мемлекеттік бағдарламасы көмегімен дүниеге келген 100-ден астам бүлдіршіннің қатысуымен фестиваль өтті. Шараға Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мен елімізде денеден тыс ұрықтандыру лабораториясының негізін қалаған Салтанат Байқошқарова қатысты.

Ата-аналар дәрігерлерге алғыс айтып, фестиваль кезінде балаларының тұсауын кестірді. Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Аңсаған сәби» квотасы 2021 жылдан бері бөлініп келеді. Үш жылда 7 мыңға жуық нәресте дүниеге келген.

Гүлмира Мәншәріпова, қала тұрғыны:

Үмітін үзбей адам сенсе, нық қадамдармен алға жүрсе сол бақытқа жетеді, деп ойлаймын. Осыдан бір жыл бұрын, оған дейін өз қаражатымызбен жасадық. Ол бірнеше әрекеттен де болмауы мүмкін. Ол үлкен еңбекті қажет етеді. Бақыт деген бар. Оған мемлекет барлық жағдайды жасап жатыр.


Хабарламаларға жазылу