V Дүниежүзілік көшпенділер ойынына 100 күн қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

V Дүниежүзілік көшпенділер ойынына 100 күн қалды

01.06.2024

Бесінші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының басталуына 100 күн қалды. Осыған орай, елордада дайындық пысықталды. Оған ұлттық спорт түрлерінің өкілдері, жаттықтырушылар, еріктілер мен қала тұрғындары қатысты.

Этникалық спорт түрлерінен өткізілетін сайыста Орталық Азияның тарихи көшпелі халықтарының ұлттық ойындары сарапқа салынады. Көшпенділер сайысына қазірдің өзінде 85 ел қатысуға ниет білдірген. Өтінім әлі қабылданып жатыр.

Мұратбек Қыпшақбаев, V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізу және дайындау делегациясы басшысының орынбасары:

Өздеріңіз көріп тұрғандарыңыздай, дайындық жағына келетін болсақ барлығы өз уақытысымен өзінің жоспарымен жүріп келе жатыр, шетелден қатысушылар да қатысамыз деген өздерінің ниеттерін білдіріп жатыр.


Хабарламаларға жазылу