31-мамыр Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

31-мамыр Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні

02.06.2024

31-мамыр Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. «Жаппай қуғын-сүргін құрбандарын ақтау» туралы заңның қабылданғанына 31 жыл, құрбандардың санын толық анықтап бітіргеміз жоқ. Отарлық, кеңестік ой-санадан арылуда, тоталитарлық, авторитарлық мемлекет деген неге сұмдық екенін түсіндіруде пайдаланамыз ба? Ол туралы үндемедік...

Жалпы бұл тақырыптың тарауы көп. Мысалы, күштеп ұжымдастыру. Елімізде 1929-1932 жылдар аралығында коллективтендіруге - ұжымдастыруға қарсы 545 көтеріліс болып, жүз мыңнан астам адам қатысқан. Соның 25-cі – қарулы көтеріліс болды, деген қорытынды жасады, тарихшы Тұрғанбек Алланиязов. Бұған дейін отызыншы жылдары 372 көтеріліс ұйымдастырылған деп көрсетілетін.

Қанша болса да, кеңес өкіметі бұл көтерілістерді аяусыз басып-жаншып, қатысқандарды атып, түрмеге қамап, жер аударған. Отызыншы жылдардағы көтерілістер әлі толық тарихи бағасын алған жоқ. Алланиязовпен тағы бір тарихшы Шәмек Тілеубаев келіседі.

Ұжымдастыруға қарсы көтерілістерге баға беру үшін әлі де көп зерттеу керек дейді.Дегенмен анық бір нәрсе бар - бұл көтерілістерді кездейсоқ деп қарамауымыз керек. Бұл қазақ ұлт азаттық қозғалысының жаңа бір кезеңі.

Шәмек Тілеубаев, Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты директорының орынбасары:


Хабарламаларға жазылу