Қызылордада Сырдария өзеніне шомылуға барған екі жасөспірім суға батып кетті. Қайғылы жағдай қала іргесіндегі «Ягодка» саяжайының маңында болған.
9 сынып оқушылары дарияның шомылуға қауіпті және тыйым салынған аумағына түскен. Оқиға орнында жедел құтқару жасағының сүңгуірлері іздестіру жұмыстарын жүргізіп, 3 метр тереңдіктен 2008 және 2009 жылғы екі баланың денесін өзен түбінен алып шықты. Бес айда аймақтағы су айдындарында 8 қайғылы жағдай тіркелген. Сондай-ақ Шығыс Қазақстанда қараусыз қалған тағы бір бала өзенге батып кетті. Ал Қарағанды облысында жоғалған балықшылардың бірінің денесі табылды. Екіншісі іздестірілуде.
Әділбек Серікұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қызылордада екі бала суға батып кетті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/194636/)