Мексикада өткен президент сайлауында ел тарихында алғаш рет рет әйел кандидат жеңіске жетті. Экзит-полл нәтижесіне сай, Клаудия Шейнбумға сайлаушылардың 57 пайызға жуығы дауыс берді. Жаңа мемлекет басшысы бұрын Мехико мэрі болған. Шейнбауммен бірге бақ сынаған әйел - сенатор Ксочитль Гальвес болса, сайлаушылардың 30 пайыздай дауысын жинады. Елдің сайлау комиссиясы дауыс берудің ресми қорытындысын бүгін жария етпек.
Арай Төлегенқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мексика тарихында тұңғыш рет елді әйел президент басқарады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/194643/)