Атырауда Хамит Ерғалиев – Таңдай бағытындағы тас жолда жүк көліктерінің қозғалысы тоқтатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда Хамит Ерғалиев – Таңдай бағытындағы тас жолда жүк көліктерінің қозғалысы тоқтатылды

03.06.2024

Атырау облысында Хамит Ерғалиев - Таңдай бағытындағы тас жолда жүк көліктерінің қозғалысы тоқтатылды. Судың көп келуіне байланысты жолды шайып кету қаупі бар. Әзірге жеңіл көліктер қатынап жатыр. Салдарынан жол бойында ұзын-сонар кезек пайда болған. Патрульдік полиция тәулік бойы кезекшілікте. Айта кетейік, аталған тас жол қазір Атырау қаласын Махамбет, Индер аудандары және Орал қаласымен жалғайтын жалғыз транзит.

Нұрсұлтан Нұрсейіт


Хабарламаларға жазылу