Ақтөбе облысында көктемгі дала жұмыстары аяқталуға жақын - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе облысында көктемгі дала жұмыстары аяқталуға жақын

03.06.2024

Ақтөбе облысында егіс алқабының 80 пайызына тұқым себілді. Көктемгі дала жұмыстары бірер күнде толық аяқталуы тиіс.

Биыл 747 мың гектардан астам жерге егін егу жоспарланған. Оның 70 пайыздан астамы – дәнді-дақылдар. Қалғанына мал азығы мен майлы дақылдар егіледі. Шаруаларға 7 200 тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді. Сондай-ақ, көктемгі су тасқынынан зардап шеккен шаруаларды қолдау шаралары да жалғасып жатыр. Әйтеке би ауданында 80 тонна тұқымдық бидайы суда қалған кәсіпкерге өтемақы беріледі.

Асылхан Әбтиев, облыстық Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары:

Шаруашылықтар тұқыммен толық қамтамасыз етілді. Сондай-ақ, арзандатылған дизель отынымен қамтамасыз етіліп отыр. Дизель отыны шаруашылықтарға 249 теңгеден жіберіліп отыр. Әдеттегідей операторлар көктемгі дала жұмыстары тоқтамауы үшін күн сайын дизель отынын жіберіп отыр. Қазіргі кезде ешқандай кедергі жоқ.

Жақсыбек Кемал


Хабарламаларға жазылу