Иранда президенттікке кандидаттарды тіркеу бүгін аяқталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Иранда президенттікке кандидаттарды тіркеу бүгін аяқталады

03.06.2024

Иранда президент сайлауына 37 кандидат тіркелген. Олардың біреуі - әйел. Зохре Элахиян бұрын депутат болған. Сонымен бірге мемлекетті екі мерзім қатарынан басқарған экс-президент Махмуд Ахмадинежад парламенттің экс-спикері Али Лариджани да өз кандидатурасын ұсынды. Президентікке үміткерлерді тіркеу бүгін аяқталады. Ал сайлауға қатысатын кандидаттардың нақты тізімі келесі аптада белгілі болады. Кезектен тыс президент сайлауы тікұшақ апатынан опат болған президент Ибрахим Раисидің қазасынан кейін 50 күн ішінде өтеді. Дауыс беру маусымның 28-не белгіленген.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу