Көркем жүзуден әлем кубогы: Ел қоржынында 2 алтын, 1 күміс, 2 қола - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көркем жүзуден әлем кубогы: Ел қоржынында 2 алтын, 1 күміс, 2 қола

03.06.2024

Эдуард Ким – көркем жүзуден әлем кубогының жеңімпазы. Канаданың Маркем қаласында өткен сайыста отандасымыз техникалық бағдарламада 204,39 ұпай жинап, тағы да үздік екенін паш етті.

Бұл – Эдуардтың Әлем Кубогында жекелей сында алған алғашқы алтын медалі. Сонымен қатар ол Наргиз Болатовамен бірге техникалық аралас дуэтте күміс жүлде иеленді. Ұлттық құрама сапындағы тағы бір жұп осы Әлем кубогының кезеңінде қолаға қол жеткізді. Виктор Друзин мен Анна Павлетцова жұбы еркін бағдарламада 181.5833 ұпай жинап, қола жүлдегер атанды.

Қаракөз Тұрмағамбет


Хабарламаларға жазылу