ШҚО-да «Жер-2024» республикалық оқу-жаттығуы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШҚО-да «Жер-2024» республикалық оқу-жаттығуы басталды

03.06.2024

Шығыс Қазақстан облысында «Жер-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды. Екі күн болатын қорғаныс іс-шарасында жер сілкінісі кезінде адамдарды эвакуациялау, тасымадау, тізімге алу және жарақат алғандарға алғашқы медицианлық жәрдем беру әрекеті пысықталады. Қала сыртына құрылған шатырларға тұрғындарды орналастыру жолдары көрсетілді. Жер сілкінісінің салдарын жою бойынша жұмыстардың тәртібі мен көлемі айқындалып, төтенше жағдай енгізу туралы құжаттар дайындалды. Құтқару қызметтерінің бірлескен іс-қимылдарын үйлестіру үшін республикалық далалық штаб ұйымдастырылды.

Ерғали Бақаев, облыстық ТЖД бастығы:

Үш облыстың күштері мен құралдары келген. Қазіргі таңда Зайсан, Күршім, Тарбағатай, Өскемен қаласында және елдімекендерде жұмыс атқару үшін әр облыстан 50-ден аса технка жүзден аса адамдар келіп, сол жерде орналасып, сол аудандарда жағдаймен танысу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Олжас Керейхан


Хабарламаларға жазылу