Минскіде халықты сапалы азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселесі талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Минскіде халықты сапалы азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселесі талқыланды

03.06.2024

Минскіде халықты сапалы әрі қауіпсіз азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселесі талқыланды. Басқосуға Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің үкімет басшылары қатысты. Еліміздің Премьер-Министрі Олжас Бектенов атап өткендей, Қазақстанды дамытудың стратегиялық басымдықтарының бірі – агроөнеркәсіп кешені. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Үкіметінің алдына осы салаға қатысты нақты тапсырма берген. Яғни, ішкі қажеттілікті қамтамасыз етіп, экспорт көлемін одан әрі арттыра отырып ауыл шаруашылығы саласын терең өңдеу деңгейіне жеткізу міндетін қойды. Еліміз 2026 жылға қарай ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын екі есеге ұлғайтуды мақсат етіп отыр. Бұл ретте біздегі экспорттың құрылымы белсенді түрде өзгертіліп, терең өңдеу өнімдеріне басымдық беріледі.

Олжас Бектенов, ҚР Премьер-Министрі:
Қазақстан әлемдік азық-түлік экспорттаушыларының ТОП-25 қатарына кіреді. Отандық ауыл шаруашылығы өнімдері әлемнің 80 еліне, соның ішінде Орталық Азия мен еуразиялық экономикалық Одақ елдеріне жеткізіледі. Оның экспорты соңғы 5 жылда екі есеге өсіп, $5,4 млрд-қа жетті.

Самал Қабышева


Хабарламаларға жазылу