Алматыда ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы Кеңесінің отырысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы Кеңесінің отырысы өтті

03.06.2024

Алматыда Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Парламенттік Ассамблеясы Кеңесінің отырысы өтті. Мәжіліс төрағасы бастаған парламент делегациясы осы шарада басқосы. Биыл бұл ұйымға Қазақстан төрағалық етуде. Қандай меселеге басымдылық берілетіні жөнінде, қалай жүзеге асыру туралы Ерлан Қошанов баяндап берді. Мәжіліс төрағасы терроризм мен экстремизмге, ақпараттық технологиялар мен есірткі бизнесі саласындағы қылмыстарға қарсы күреске бағытталған ұйымға мүше елдердің аумағындағы бірқатар іс-шараны атап өтті. Ерлан Қошанов төтенше жағдайлардың алдын алу және зардаптарын жою бойынша ынтымақтастықты тереңдетуге ерекше мән беріліп отырғанын айтты.

Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:
Біз бейбітшілікті, халықаралық және өңірлік қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайтуға басымдық береміз. Ұйымға мүше мемлекеттердің тәуелсіздігін, аумақтық тұтастығы мен егемендігін қорғау мен әлеуетін дамытуға баса назар аудардық. Қазақстан Президенті – Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев осы бағыттарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті. Бұл құжат қажетті модельдік заңдар мен ұсыныстарды әзірлеу үшін біздің парламенттеріміздің де үйлесімді іс-әрекетін қамтиды.

Cамал Қабышева

Хабарламаларға жазылу