Бүгін – Мемлекеттік рәміздер күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін – Мемлекеттік рәміздер күні

04.06.2024

Бүгін – Мемлекеттік рәміздер күні. Тәуелсіздігімізді айшықтайтын ұлттық символдарымызға биыл 32 жыл толып отыр. 1992 жылы Ту, Елтаңба және Әнұранымызды таңдау үшін Жоғарғы кеңес президиумы жұмыс тобын құрды. Осыдан кейін ел аумағында конкурс жарияланды. Бір ғана тудың өзіне 600 адамнан 1 мыңнан аса нұсқа түскен. Ал Елтаңбаның 245 жобасы, әнұранның 750 үлгісі байқауға қатысқан. Ту, Елтаңба және Әнұран бүгінде мемлекетіміздің егемендігі мен тұтастығын бейнелейтін, оның ажырамас атрибуттарының біріне айналды. 2007 жылы 4 маусымда қабылданған «Мемлекеттік рәміздер туралы» Конституциялық Заңға сәйкес, жыл сайын дәл осы күні Мемлекеттік рәміздер күні мерекеленеді. Бүгінде еліміздің әр аймағында бірқатар іс-шара жоспарланған. Мерекелік концерттер, түрлі байқаулар мен патриоттық кештер өтеді. Маусымның алғашқы күндерінен бастап, елорда да арнайы челенддж өтіп жатыр. Тұрғын үйлер мен ғимараттардың балконы мен терезелеріне Мемлекеттік Ту ілінеді. 

Айя Мүтәлі 

Хабарламаларға жазылу