Қазақстан - АҚШ арасындағы стратегиялық әріптестік талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан - АҚШ арасындағы стратегиялық әріптестік талқыланды

04.06.2024

Вашингтонда Қазақстан мен АҚШ арасындағы стратегиялық әріптестік талқыланды. Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин АҚШ мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия бойынша көмекшісі Дональд Лумен кездесіп, кеңейтілген комиссияның алтыншы отырысын өткізді. Тараптар саяси және экономикалық ынтымақтастықты дамыту ісіне басымдық берді. Ақан Рахметуллин инфрақұрылымдық және көліктік-транзиттік жобаларды ширату жайын қозғады. Энергетика және аса маңызды минералдарды игеру саласындағы бастамалар да сөз болды. Екі жақ кеңейтілген стратегиялық әріптестік жөніндегі комиссияның келесі отырысын 2025 жылы Астанада өткізуге келісті. 

Жалғас Сәдібекұлы 

Хабарламаларға жазылу