Қызылордада мемлекеттік рәміздер ұлықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада мемлекеттік рәміздер ұлықталды

04.06.2024

Қызылордалықтар да рәміздер күнін атап өтті. Салтанатты шарада күштік және құқық қорғау органдарының жеке құрамы сап түзеп, мемлекеттік нышандар ұлықталды.

Рәміздер аллеясына жиналған 500-ге жуық адам патриоттық әндерді шырқап, мерекелік көңіл-күй сезілді. Мұнан соң, сән-салтанатпен көк ту көтеріліп, әр саланың озаттары марапатқа ие болды. Шара соңы мемлекеттік ту ілінген көліктердің шеруіне ұласты.

Әділбек Серікұлы


Хабарламаларға жазылу