Германияда су тасқынынан 4 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Германияда су тасқынынан 4 адам қаза тапты

04.06.2024

Германияның оңтүстігінде төпелеп жауған жаңбыр соңы алапат тасқынға ұласты. Соңғы мәліметке қарағанда, 4 адам қаза тапқан. Ал Бавария және Баден-Вюртемберг аймақтарында мыңдаған тұрғын үйлерін тастап кетті.

Апат жайлаған аудандарға канцлер Олаф Шольц барып, тасқынды адам қолымен жасалған климаттық өзгерістің салдары деп атап, бұл проблемаға салғырт қарамауға шақырды.

«Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, тасқынға байланысты «Ауди» автоконцерні Бавариядағы зауытында өндірісті уақытша тоқтатқан. Және де бұл өңірде құтқару операцияларына 20 мыңдай адам тартылып отыр.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу