Ғарыш кемесі айдың арғы бетінен тас пен топырақ жинады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ғарыш кемесі айдың арғы бетінен тас пен топырақ жинады

04.06.2024

Қытайдың ғарыш кемесі Айдың арғы бетінен сынамаға топырақ жинады. Мұны осы елдің ұлттық ғарыш басқармасы хабарлады. Оның дерегінше, ғарыш кемесі «Чанъэ-6», маусымның 25-де Қытайдың Ішкі Моңғолия аймағына қонуы керек. Бұл кеме Айға өткен айда аттанды. Ал жексенбі күні ол діттеген жеріне жеткен. Айта кетсек, Айдың арғы жағы Жерге қарап тұрған жоқ және ойлы-қырлы. Қонатын орын аз. Сондықтан бұл миссия аса күрделі саналады.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу