«Ролан Гаррос»: Елена Рыбакина ширек финалға шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ролан Гаррос»: Елена Рыбакина ширек финалға шықты

04.06.2024

Қазақстандық жас теннисші Әмір Омарханов «Ролан Гарростың» жасөспірімдер арасындағы ашық чемпионатының екінші айналымына өтті. Парижде өтіп жатқан жарыста ол ресейлік Тимофей Дерепаскомен бірге жұптық ойында өнер көрсетіп жүр. Омарханов-Дерепаско жұбы енді ертең француз Шарли Камю мен австралиялық Хэйден Джонс дуэтімен бақ сынасады. Францияның ашық чемпионатында, сондай-ақ Қазақстанның бірінші ракеткасы да өнер көрсетіп жатыр. Елена Рыбакина осымен екінші рет Ролан Гарростың ширек финалына шықты. Сайыстың төртінші айналымында ол украиналық қарсыласы Элина СвитОлинаны 6:4, 6:3 есебімен тізе бүктірді. Қазақстанның бірінші ракеткасы биылғы «Ролан Гарроста» тамаша өнер көрсетіп келеді. Сэттерінің бірде-бірінде қарсыласына есе жіберген жоқ.

Қаракөз Тұрмағамбет


Хабарламаларға жазылу