EURO-2024: «Qazaqstan» мен «Qazsport» телеарналары көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

EURO-2024: «Qazaqstan» мен «Qazsport» телеарналары көрсетеді

04.06.2024

EURO-2024. Көптен күткен футболдан Еуропа чемпионаты маусымның 14-і басталады. Футбол сүйер қауым үшін үлкен мереке шілденің 14-не дейін жалғасады. Аладоп аламаны Алмания елінің он қаласында өтеді. Ашылу салтанаты маусымның 14-нен 15-не қараған түні Астана уақыты бойынша 23:40-қа жоспарланған. Ойындар кестесі де белгілі. Топтық кезеңнің ойындары 14-26 маусым аралығында плей-офф 29 маусымнан басталады. Еуропа біріншілігінің алғашқы ойыны Мюнхендегі «Альянц Арена» стадионында «Германия – Шотландия» арасында, ал финал Берлиндегі Олимпиада стадионда өтеді. Қазақстандық футбол жанкүйерлері матчтарды тікелей эфирде «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тамашалай алады. Ойындар қос арнаның сайтымен қоса, BIRGE TV мобильді қосымшасынан да трансляцияланады.

Нағи Бақытбеков, «Qazsport» телеарнасының директоры:

Биылғы өтетін Еуропа чемпионатының тағы бір біздің жанкүйерлер үшін ыңғайлы болуы ол уақыттың өзгеруіне байланысты. Бұрын бізде түнде көп матчтар өтетін болса, қазір мына уақыттың бір сағатқа жылжуына байланысты уақыттар кешкі 18:00-де, 21:00 және 00:00-де көрсетіледі. Бұл топтық деңгейде. Ал плей-оффқа кеткен кезде тоғызда және түнгі 12-де болады матчтар.

Қаракөз Тұрмағамбет


Хабарламаларға жазылу