Президент Қазақстанның БҰҰ жанындағы жаңадан тағайындалған Тұрақты өкілі Қайрат Омаровты қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Қазақстанның БҰҰ жанындағы жаңадан тағайындалған Тұрақты өкілі Қайрат Омаровты қабылдады

04.06.2024

Мемлекет басшысы Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы жаңадан тағайындалған Тұрақты өкілі Қайрат Омаровты қабылдады. Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қайрат Омаровқа Ұйымымен арадағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бағытталған бірқатар нақты міндет жүктеді. Президент халықаралық ұйыммен дәйекті жұмыстарды жалғастыру маңызды екенін атап өтті.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу