Биыл интернетте 36 қаржылық пирамида анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл интернетте 36 қаржылық пирамида анықталды

04.06.2024

Биыл интернетте 36 қаржылық пирамида анықталды. 182 чат бұғатталып, нәтижесінде 126 мың азамат алаяқтар айласынан аман қалды. Бұл туралы бүгін қаржылық мониторинг агенттігінің пікірталас алаңында айтылды. Блогерлер мен депутаттық корпустың өкілдері бас қосып, қаржы пирамидаларын анықтау жолдарын қарастырды. Агенттік өкілдерінің айтуынша, ақшаны инвестициялайтын жағдайда, компанияны міндетті түрде тексеріп алу керек. Мәселен, қаржылық мониторинг агенттігінің сайтында, азаматтардан ақша алуға лицензиясы бар мекемелердің тізімі жарияланған. Бұдан бөлек, сайтта қаржылық пирамидалардың тізімі көрсетілген. Ол тұрақты түрде жаңарып отырады.  

Аида Ахметбек

Хабарламаларға жазылу