Бас прокуратура азаматтарды алаяқтардан сақ болуға шақырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бас прокуратура азаматтарды алаяқтардан сақ болуға шақырды

04.06.2024

Соңғы уақытта прокуратура органдары басшыларының фотосуреттерімен жалған аккаунттар ашып, алаяқтық белгілері бар хабарламалар жіберу жағдайлары жиілеп кеткен. Осыған орай Бас прокуратура алаяқтарға алданбауға, барынша сақ болуға шақырады. Бейтаныс аккаунттарға сенбеуге және күмәнді сілтемелерге өтпеуге кеңес береді. Күдікті қоңыраулар немесе хабарламалар болған жағдайда дереу құқық қорғау органдарына хабарлау қажеттігін ескертеді.

Ғабит Ұзақбай

Хабарламаларға жазылу