Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов Мысыр сенатының төрағасымен кездесті. Елімізге ресми сапарымен келген Әбделуахаб Әбделразеқ Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси және экономикалық реформаларды толық қолдайтынын айтты. Сондай-ақ, тараптар екіжақты ынтымақтастықты арттыру, соның ішінде парламентаралық байланысты әлі де нығайту мәселесін айтты. Отырыс барысында тараптар сауда-экономикалық, көлік-транзит, туризм мен мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастық мәселесін талқылады.
Тәуірбек Бозекен
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мысыр елі Қазақстандағы реформаларды толық қолдайды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/194752/)